Бірінші топтағы мүгедектердің асыраушыларына берілетін әлеуметтік көмектің мерзімі өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірінші топтағы мүгедектердің асыраушыларына берілетін әлеуметтік көмектің мерзімі өзгереді

30.05.2018

Шілде айынан бастап бірінші топтағы мүгедектердің асыраушыларына берілетін әлеуметтік көмектің мерзімі өзгеретін болды. Бұрын олар жәрдемақыны тек бала кәмелет жасына толғанға дейін алса, енді ол үздіксіз өтелмек. Мұндай көмекті елімізде 14 мың отбасы алады. Төлемнің көлемі 29 мың 699 теңге. Бұл мәлімет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өткізген баспасөз мәслихатында келтірілді. Сондай-ақ, соңғы 10 жылда өмірге сәби әкелген аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 8 есеге өскен. Яғни, 16 мың 380 теңгеден 142 мың 947 теңгеге жетіп отыр.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

- Елбасының тапсырмасы бойынша 1 шілдеден бастап жаңа жәрдемақыны енгізіп отырмыз. Аталған жәрдемақыны бүгінде 14 мың жанұя алады. Жанұяда екі мүгедек болса, 18 жастан асқан бірінші топтағы мүгедек болса, екеуіне де бірдей төленеді.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу