«Таңшолпан». Бүгін жазушы Немат Келімбетовтың дүниеге келген күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгін жазушы Немат Келімбетовтың дүниеге келген күні

04.04.2018

Немат Келімбетов 1937 жылы Ташкент облысында дүниеге келген. Түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Ташкент қаржы-экономика инcтитутын, ҚазМУ-дың филология факултетін бітірген.

«Қазақстан» баспасында редактор, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында профессор, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор қызметтерін атқарған.

Ол 30 жасында омыртқадан ауыр дертке ұшырап, төсекке таңылса да мойымады. Өмірге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында еңсесін түсірмеді.

Жазушының еңбектері көптеген тілдерге аударылып, театр сахнасында кітаптардың желісі бойынша пьеса қойылды. Оның есімі оқырман қауымға әлем классиктерінің үздік шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде де жақсы таныс.

Ғалым түркітану саласында да терең зерттеу жүргізген. Ұстаздық қызметті де қатар алып жүрді. Өнегелі өнер иесі көзі тірі болғанда 80 жаса толар еді. Соңында мол рухани қазына қалдырған қаламгердің есімі ұмытылмасы анық.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу