Ырза Тұрсынзада: Ұлттық өнер арқылы қыздарымызда киелі аналарымыздың болмысы оянса екен деймін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ырза Тұрсынзада: Ұлттық өнер арқылы қыздарымызда киелі аналарымыздың болмысы оянса екен деймін

03.04.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының қонағы - бүгінгі ұрпақты ата-баба мұрасымен, аманатымен уыздандырып жүрген белгілі этнодизайнер, «Құрмет» орденінің иегері Ырза Тұрсынзада.

«Ұлттың тілі, тәрбиесі, мәдениеті, мұның бәрі нәзік дүние. Оны сақтап қалу әйел адамға байланысты. Әйелдің энергиясы - болашақтың энергиясы. Әйел міндеті тек бала туу мен оны өсіру емес. Қыз-келіншектерге айтарым, ұлттың болашағы сіздердің қолдарыңызда. Себебі, еркек үй сыртында жүреді. Қоғамға үлкен үрдіс, бағыт беретін – тек қана әйел.

Дәрістерімді ақысыз жеткізудің себептері бар. Кез келген қыз-келіншектің ақы төлеуге шамасы келе бермейді. Нарық өзінің шарттарын бегілесе де, шеберлік сағаттарымды ақысыз беруге мақсат қойдым. Дәрістер тек орталықтарда болды. Шалғай ауылдарға қалай жеткізсем деген ойлар да болды. Көптеген қыз балалар жазды. Сол қыздарға арнап «You tube» арнасы арқылы ақысыз сабақ өткізе бастадым. Барлық қатысушылардың алғысы шексіз. Осы өнер арқылы қыздарымызда киелі аналарымыздың болмысы оянса екен дедім. Ол мақсатқа жетіп те жатырмын», - дейді қонақ.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу