Дулат Исабеков: Адам баласын өзінің болмысымен тәрбиелеуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дулат Исабеков: Адам баласын өзінің болмысымен тәрбиелеуі керек

31.03.2018

Бүгін «Сенбілік таң» бағдарламасы жазушы, драматург Дулат Исабековтың шаңырағында қонақта болды. Дулат Исабековтың «Тіршілік», «Соғысты көрген жоқпыз», «Тыныштық күзетшісі», «Қара шаңырақ», «Қарғын», «Шалдар мен кемпірлер» сынды туындылары бар.

Бүгінде оның есімі шетелдік өнер сүйер қауым үшін де таныс. Ресей театр сахналарында пьесалары да қойылып жатыр. Ал, Англияның ұлттық кітапханасында кітаптары сақталған қазақтың жалғыз жазушысы.

Бағдарлама барысында жазушы отбасы мүшелерімен таныстырып, Лордтар палатасында сөйлеген сөзіне тоқталды.

Драматургтың кейінгі жылдары шет тілдеріне аударылып, сахналанып жатқан шығармаларын былай қойғанда жетпісінші жылдардың өзінде «Полынь», «Отчий дом», «Смятение» сияқты бірқатар туындылары орыс тіліне аударылып, «Әпке», «Мұңлық-Зарлық», «Ертеңді күту» пьесалары театрда қойылып жатты. «Гауһартас», «Дермене», «Тауқымет» туындыларына көркем фильмдер түсірілді.

«Ер азамат, отағасы қандай болу керек?» деген сауалға, ол өте тұщымды жауап айтты.

«Біз тәрбие дегенді басқаша қабылдаймыз. Ақыл айтқаннан жек көретінім жоқ. Бір рет айтасың, екі рет айтасың сосын бала тыңдамайтын болады. Адам баласын өзінің болмысымен тәрбиелеуі керек деп ойлаймын. Өзіңді үйде, түзде қалай ұстайсың бала соны көріп, тәрбие алады», - дейді жазушы.

Хабарламаларға жазылу