Қоғам белсенділері: Балалар құқығына қатысты заңда күмәнданатын нормалар бар

15.11.2020

Мәжілістің жұмыс тобында Балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін қолданыстағы бірқатар заңға өзгерістер енгізетін заң жобасы талқыланып жатыр, онда қатты күмәнданатын нормалар бар, деп қоғам белсенділері жаза бастады. Біз тыңдап көрдік. Қылмыстық және әкімшілік кодекстерде жауапкершілік қарастырылмаған «нұқып жіберу», «ұрысып беру» сынды тырнақша ішіндегі «тәрбие формаларын» бөлек алып шығып, балалардың құқықтарын шектеу ретінде бағалау қарастырылған дейді белсенділер. Бұл ата-аналарды құқығынан оп-оңай айыруға сеп болатын нормалар деп есептейді. Олар тіпті қол жинап, петицияны Президент әкімшілігіне тапсырды.  

Кейбір заңгерлер «Бұл ата-аналардың өз баласын өзі тәрбиелеуі сынды конституциялық құқыққа қарама-қайшы» дейді. Мысалы, айтуларынша, заң жобасында учаскелік инспектор қажет деп санаса ата-аналарды психокоррекцияға мәжбүрлеп жібере алатыны сияқты норма бар.

Иә, бізде балаларды қорлау, зәбір көрсету, ұрып-соғу фактілері аз емес. Тіпті майып қылып қойып, ақырында дамуында тежелу пайда болған балалар бар. Мұндай сұмпайы құбылысты ізгілікке шақырған үндеулермен тежей алмайтынымыз рас. Бірақ мысалы, көршісімен араз адам «мыналар баласына зәбір көрсетеді» деп арыздана берсе және арызда көрсетілген адамдарды учаскелік полицей де жұмсартып айтқанда, ұнатпаса, қалай болғаны...

Сонымен «Бұл қайдан шыққан заң жобасы?» деп зерттеп көруге тырыстық. Қызығы, бастамашыл болған депутаттар екі апта бойы комментарий бермей қойды. Азамат Алдоңғардың материалы.


Балалар құқығы заң Мәжіліс

Хабарламаларға жазылу