«Көкпар» бағдарламасы 1984 жылдан бастап Ұлттық арна эфирінен шыға бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көкпар» бағдарламасы 1984 жылдан бастап Ұлттық арна эфирінен шыға бастады

11.03.2018

1984 жылдан бастап Ұлттық арна эфирінен көрерменге жол тартқан «Көкпар» бағдарламасы алысты жақындатып, жақынды туыс қылатын бағдарламалардың біріне айналды.

Екі топқа бөлініп бақ сынайтын қатысушылар жан-жақтан жиналатын. Сұрақ қоюға да қарапайым көрермен де мүмкіндік алды. «Көкпар» хабары сол кездегі орталық теледидардың «Кім? Қайда? Қашан?» бағдарламасына ұқсайтын. Телеойынның өрнегі, сыртқы түрі ұқсас болғанымен, ішкі мазмұны ұлттық дәстүрмен жалғастық тапты. «Көкпар» алғашқы эфирге шыққаннан бастап-ақ назарға ілігіп, әрқилы пікірлер айтылды.

Ал, тура 20 жылдан кейін Ұлттық арна эфирімен түрленген, жаңарған «Көкпар» бағдарламасы көрсетіле бастады. Бағдарламаны білікті журналист Серік Жанболат жүргізді. Бұл хабардың аты «Көкпар» болғанымен, форматы, табиғаты мүлдем өзгеше болды.

Қос хабар да арнаның атын асқақтатып, «Алтын қордың» асыл қазынасына қосылды.

Хабарламаларға жазылу