2 миллион теңге алып тәрбиелейтін бөбекжайлардың не кереметі бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 миллион теңге алып тәрбиелейтін бөбекжайлардың не кереметі бар?

03.03.2018

Ағылшын философы Роберт Оуэн 1803 жылы балаларды мектепке дейін топтап оқытып, тәрбиелеу методикасын жасаған. Бұл жоспарды 1837 жылы неміс педагогы Фридрих Фрёбель қағып алып кішкентай бөбектерге арнап орталық ашып оны «Kindergarten» деп атапты. Аудармасы - «балабақша». Роберт пен Фридрих өздері негізін қалаған бөбекжайлардың уақыт өте қомақты қаржы жасайтын мекенге айналарын білді ме екен?!

 

Шындығы сол, қазір балабақшаны тәрбиеден бұрын теңгенің көзі деп қарастыратындар көбейді. Әсіресе, Астана мен Алматыда балабақшалар жарықтың жылдамдығымен ашылып жатыр. Көбісі жекеменшік. Өткен жылы Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті санитарлық ережеге 34 өзгеріс енгіземіз деп ентелеп шыққан. Яғни, енді балабақша ашу үшін бұрынғыдай кемі 30 шаршы метр аумақ болуы керек деген талап алынып тасталуы мүмкін. Оған қоса, жер жетпесе ойын бөлмесі мен жатын бөлмесін қоса салуға да болады екен.

 

Ғаламторға жүгінсек, әлемдегі ең қымбат бөбекжайлар Нидерландыда орналасқан. Орта есеппен балаңыз аптасына 5 рет балабақшаға барса, айына 1820 еуро төлейді. Біздіңше 1 айға 1 балаға 715 000 теңгеден келеді. Осы мәселе туралы Еркін Съезұлы зерттеп көрді.

Хабарламаларға жазылу