«Бақытты әйел» бағдарламасының «Мақпалдың мекені» айдарында қонақта - тағдырдың қиындығына қарамастан махаббат теңізінде қатар жүзіп келе жатқан қос ғашық Бақтияр мен Шадияр Мұхамбетқалиевтер.
Бақтияр бала күнінен «кәсіби футболшы болсам» деп армандаған. Ол 7 жасынан жаттықты. 14 жасында ұнатқан Шадияр қызды 17 жасында жар қылды. Анасы мен жұбайы, жаттықтырушылар Бақтиярдың болашағын кәсіби футболмен байланыстырды. Солай болып та келе жатқан. Алайда, күтпеген жерден жас жігіттің жілігінде ісік бар екені анықталды. Аурухана, химия терапия, жан мен тәнді жеген ауру ақыры аяқты тізеден кесіп тынды.
Бақтиярдың анасы бар қаражатын жинап, ұлын Германияға алып кетті. Ана жүрегі алдамады. Неміс дәрігерлері ісіктің қайтқаны туралы жеткізді. Бахтиярдың аяғына протез салынды. Обырды жеңген Бақтияр енді ұлының футболшы болғанын армандайды.
Бақтияр да, Шадияр да сын сағатта батылдық таныттты. Жас жұбайлар ұлы махаббат пен сенімнің алдында ешнәрседен қорықпады.