Бақтияр Ибраев 10 метр қашықтықта жылжымалы нысананы көздеуден 11-ші орынды иеленді. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақтияр Ибраев 10 метр қашықтықта жылжымалы нысананы көздеуден 11-ші орынды иеленді.

27.09.2014
Бақтияр Ибраев 10 метр қашықтықта жылжымалы нысананы көздеуден 11-ші орынды иеленді.

Бүгін Азия ойындарында ерлер арасында 10 метр қашықтықта жылжымалы нысанаға оқ атудан жүлделер сарапқа салынды.

КХДР спортшысы  Джисон Ким Азиаданың чемпионы атанса, күміс жүлдені қытайлық  Юцзия Чжай иеленді. Ал, қола медаль Оңтүстік Корея өкілі Юджин Джеонға бұйырды.

Қазақстандық спортшылар жалпы есепте екінші ондықта орналасты. Бақтияр Ибраев — 11-ші, Андрей Гуров — 13-ші,  Расим Мологлы — 14-ші. Жарысқа 18 мерген қатысты.

Оқ ату. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея),

Ерлер. 10 метр қашықтықта жылжымалы нысанаға оқ ату.

1. Джисон Ким (КХДР) — 384

2. Юцзия Чжай (Қытай) — 383

3. Юджин Джеон (Оңтүстік Корея) — 381

 

11. Бақтияр Ибраев (Қазақстан) — 371

13. Андрей Гуров (Қазақстан) — 366

14. Расим Молоғұлы (Қазақстан) — 365.

 

Фото: www.millioner.kz

Хабарламаларға жазылу