«Classic» радиосы: Астанада неаполитандық Сан-Карло театры әртістерінің қатысуымен гала-балет өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосы: Астанада неаполитандық Сан-Карло театры әртістерінің қатысуымен гала-балет өтеді

26.10.2016
«Classic» радиосы: Астанада неаполитандық Сан-Карло театры әртістерінің қатысуымен гала-балет өтеді

Астана қаласындағы «Астана-Опера» театрының үлкен залында неаполитандық Сан-Карло театры әртістерінің қатысуымен гала-балет өтеді.

Олар классикалық, сондай-ақ, заманауи хореографиялық нөмірлер қояды. Қойылымға қазақстандықтар да өз үлестерін қоспақ. Олар: Үшінші Халықаралық байқаудың жеңімпаздары Бақтияр Адамжан мен Серік Нақыспеков. Қазақстандық өнер саңлақтары байқауда жеңіс әкелген нөмірлерін көрсетеді.

Концерттік кеш 29 қазанда Қазақстандағы Италияның мәдениет күндері аясында өтеді. Аталмыш шара Италия елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

classicfm.kz

Хабарламаларға жазылу