Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады.
Мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастарқан басына жиналып, дәмді бәліштер мен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме?
1789 жылы Джордж Вашингтон Алғыс айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялайды.
Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.
Ал басқа елдерде алғыс айту күні қалай тойланады?
Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасында