Майра Мұхамедқызы: Бақытты әйел ері үшін барлық жағдайды жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майра Мұхамедқызы: Бақытты әйел ері үшін барлық жағдайды жасайды

20.02.2018

«Мақпалдың мекені» айдарында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Майра Мұхамедқызы қонақта болып, өнер жолы, шығармашылығы және отбасылық өмірі туралы сөз қозғады.

 

«Жолдасым екеуіміз 18 жасымыздан бір-бірімізге ғашық болдық. Осы күнге дейін қызығын да, басқасын да бірге өткізіп келеміз. Отбасын сақтап қалуда махабаттың негізі бар. Меніңше, отбасында әйелді еркелету керек. Бақытты әйел еркек үшін барлық жағдайды жасайды. Ал, еркекке құрмет керек. Біздің отбасы осы қағиданы ұстайды.

Қызыма жүктілігіме төрт ай болғанда әлемдік екі үлкен шаңырақтан ұсыныс алдым. Күндіз-түні уайымдадым. Себебі, баламды да 20 жыл күттім. Ол маған үлкен сынақ болды. Уайымдағаным соншалық, баламды жоғалтып ала жаздадым. Сол кезде шешім қабылдадым. Анамның «Сенің операң, болашағың, бақытың – балаң», деген сөзі әлі есімде. Анамның тілін алғаныма қуанамын. Қызым өмірге келіп, ана бақытын сезінген сәтім ұмытылмайды», - дейді әнші.

 

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу