Президент қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады

01.06.2023

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын!», - деп жазды ол твиттердегі парақшасында.

Бүгін Халықаралық балалар күні. Ең көне халықаралық мерекелердің бірі. Оны атап өту шешімі 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданған.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу