Ақын Жадыра Байбұланова: Дертімді рухымның арқасында жеңіп шықтым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Жадыра Байбұланова: Дертімді рухымның арқасында жеңіп шықтым

14.02.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының қонағы - Жадыра Байбұланова. Осыдан бірнеше жыл бұрын ауыр дертке ұшыраған ақын қыздың бүгінгі өмірі қалай өрбуде?

«Адам басына қиыншылық түспей, өмірдің қадірін түсіне қоймайды. Барлығы оңай болып көрінеді. Осыдан 3-4 жыл бұрын басыма түскен дерттен аяғыма тік тұрған сәтте өмірдің қаншалықты тәтті екенін түсіндім.

Адамға ақыл айту, өмір сүруді үйрету оңай. Алайда, әр адамның өз жолы бар. Оларға тек өмірге деген құштарлығыңды ғана көрсете аласың. Басымнан өткен дерттен кейін сезімтал, бәріне көңіл аударатын болдым. Жамандықты ысырып, теріс ойлардан арылып, түбегейлі өзгердім. «Өмірдің қандай тәтті екенін менен сұраңдаршы» дегенді де сол кезде айтқанмын.

Дертімді кездейсоқ білдім. Көлік жүргізу куәлігін алу үшін медициналық қараудан өткен сәтте дәрігерлер қалқанша безімнен қатерлі ісік тапты. Мен үшін бүкіл дүние төңкеріліп түскендей болды. Оңай болған жоқ. Уақыт өте өзімді тәрбиеледім. Ішкі сенім мен рухымның арқасында дертімді жеңіп шықтым», - дейді ақын.

Толығырақ «Бақытты әйел» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу