Атырауда киокушинкай каратэден Каспий кубогы үшін халықаралық жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда киокушинкай каратэден Каспий кубогы үшін халықаралық жарыс өтті

14.11.2018

Байрақты бәсекеге 200-ден астам спортшы қатысып, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Аймақта тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Өзбекстан мен Ресейден және еліміздің 8 облысынан  спортшылар келіп, өнерлерін ортаға салды. Бүгінде киокушинкай каратэ Қазақстанда қарқынды дамып келе жатыр. Федерация құрамында 7 мыңнан астам спортшы саналады.

Рустем Байбосынов, жеңімпаз:

- Халықаралық жарыс болған соң ең мықтылары келеді. Менің қарсыласым да өте мықты болды. Жеңу қиын болды. Бірақ, жанкүйерлердің қамшылауының арқасында жеңіп шықтым.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу