«Таңшолпан». Судың сапасын қалай анықтаймыз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Судың сапасын қалай анықтаймыз?

13.02.2018

Жер шарының 70 пайызы судан тұрады. Оның 3 пайызы тұщы. Алайда олардың басым бөлігі Антарктида мен Арктикадағы мұздықтарда орналасқан. Сондықтан әлем халқы тұщы су тапшылығын сезініп келеді. Нәтижесінде адамдар суды арнайы сүзгіден өткізіп, тазартып ішуге мәжбүр.

Ең алғаш рет суды тазарту жүйесі Шотландияда 1804 жыл пайда болған. Онда құмнан жасалған құрылғы арқылы суды зиянды қалдықтардан сүзген екен.

Ал, Қазақстанда суды кәріз арқылы тазалау 1950 жылдары іске қосылды. Қазір Астанада ауызсу заманауи үлгідегі озық технологиялар арқылы алынады. Қазіргі таңда еліміздегі қалалардың көбісінде тазартылған су пайдаланылады. Дегенмен, кейбір қала тұрғындары қосымша фильтр қойып немесе дүкенде арнайы аппараттардан су сатып алады. Фильтрленген судың денсаулыққа зияны да, пайдасы да жоқ. Ендеше, тұтынатын ауызсуды дүкендегі аппараттардан емес, ағзаға қажетті микроэлементтерге бай үйдегі кран суын пайдаланған абзал.

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.

 

Хабарламаларға жазылу