Елдегі судың сапасын онлайн бақылауға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі судың сапасын онлайн бақылауға болады

18.09.2020

Енді елдегі судың сапасын онлайн бақылауға болады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

«Бүгін - Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысандарында жүргізіледі. Өткен жылы жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы әзірленді. Ол жерден барлық өзен-көлдердің су сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік бар»,-деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу