Балықты сатып аларда сапасын қалай білуге болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балықты сатып аларда сапасын қалай білуге болады?

17.09.2014
Балықты сатып аларда сапасын қалай білуге болады?

Бүгінде мектеп бағдарламасының өте күрделі екені баршаға мәлім. Балаңыз зерек болуы үшін аптасына екі рет балық беру керек. Сонда есте сақтау қабілеті жақсарып, ақыл-ойы дамиды.

«Балықтың құрамында кальций, фосфор, магний, әсіресе, йодтың көп болуы – мектеп жасындағы балалар мен қарттар үшін аса маңызды»,-дейді тағамтанушы Айгүл Нағашыбекқызы.

Балық – жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларына ем. Сондай-ақ қатерлі ісіктің өршуіне жол бермейді.  Бауыр ауруларының алдын алады. Ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартады. Балық белогында бойдың өсуіне ықпал ететін лизинг қышқылы да мол.

Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының қызметкері Сая Ташкенбайқызы: «Әрбір Қазақстанның азаматы бір адамға шаққанда, жылына 14 келі балық жеуі керек екен.  Ал, қазіргі статискалық мәлімет бойынша бір адам жылына небәрі 5-ақ келі балық тұтынады екен.  Салыстырмалы түрде айтсақ, Жапонияда жылына бір адам 70 келі балық жейді»,- дейді.

Тағамтанушылардың айтуынша, мал етіне қарағанда балық өнімдерінде минералды заттар мол. Ал осы балықты сатып аларда сапасын қалай білуге болады?  «Таңшолпанда» маман кеңесіне құлақ түріңіз.

Хабарламаларға жазылу