Танымал тележурналист Совет Масғұтов қазақ телевизиясының алғашқы дикторы. Совет Масғұтов 1939 жылдың 27 ақпанында Көкшетау облысының Қызыл ту ауданында дүниеге келген. Ол 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөліміне оқуға түсті.
Ол кезде телевизияда дайын мәтінді оқитын диктор болған жоқ. Ол оқиға орнынан тікелей репортаж жасайтын. Сөйтіп оның аты одақтас республикаларда кейінен тарады.
Совет Масғұтов туралы естеліктерімен оның жұбайы, қызы, әріптестері мен өнер иелері бөлісті.
«1958 жылы қазақ телевизиясы ашылды. Сонда ер дауысты дикторлар болған жоқ. Ақын Жаппар Өмірқұлов телевизияда бас редактор еді. Ол Советке қолқа салып, диктор болуды ұсынды.
Совет үйдің жалғызы еді. Атасы ақын болған. Текті отбасынан шыққан. Кітапті өте көп оқитын. Дүниежүзілік әдебиетті таныды. Түрлі әндер, шетел классиктерін тыңдайтын. Өте жан-жақты білімді жан еді. «Совет үкіметінің мықты коментаторларының бірі» деген атақты да алды», - дейді жұбайы Шолпан Тоқсанбайқызы.