«Таңшолпан». Абылайдың жүйрік аты «Алмажайға» арналған күй туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Абылайдың жүйрік аты «Алмажайға» арналған күй туралы не білесіз?

05.02.2018

18 ғасырда өмір сүрген күйші, композитор, бостандық жолындағы күрескер Байжігіт Бердаулетұлының  жылқы жануарына арнаған «Көпбалақ», «Кербалақ» сынды бірнеше белгілі күйі бар. Ал, күйшінің «Алмажай» атты шығармасының тарихын білесіз бе?

Абылайхан бір жорықта жауын жеңіп, жаудың жүйрік тұлпарларын олжалайды. Солардың ішінде шашасына шаң жұқпайтын, бітімі бөлек, ала жылқы Абылайға арнайы тартылады. Тұлпардың жүйріктігі бір бөлек, тауға салса да , жазықта да алдына қара салмайтын кеуделі күшті жылқы болған деседі. 

Бірде Абылай батырлары, нөкерлерімен келе жатып, атты сынау үшін батырларымен жарысып көрген. Сонда жылқы оқ бойы кеткен. Содан Абылайдың рухы көтеріліп, қасындағыларына «Осы аттың қасиетін кім бейнелеп береді?» деп сұрағанда Байжігіт күйші «Алмажай» деп күй тартқан.

«Алмажай» ескі халық күйлерімен сарындас. Алайда олардан едәуір ерекшелігі бар.

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу