28 сәуірде Астанада Дина Нұрпейісованың 155 жылдық мерейтойына орай күй кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 сәуірде Астанада Дина Нұрпейісованың 155 жылдық мерейтойына орай күй кеші өтеді

26.04.2016
28 сәуірде Астанада Дина Нұрпейісованың 155 жылдық мерейтойына орай күй кеші өтеді

 28 сәуір Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдық, Дина Нүрпейісованың 155 жылдық мерейтойына арналған «Бұлбұл» атты күй кеші өтеді. Осыған орай күйші  Айтолқын Тоқтаған таңғы бағдарламада қонақта болмақ.  

Айта кету керек, Дина Нұрпейісованың күйлерін зерттеп жүрген Айтолқынның әкесі де танымал күйші – Айтжан Тоқтаған.

Сонымен қатар,  «Таңшолпан» студиясында Алматы облысы Ш.Уәлиханов атындағы «Алтын Емел» мемлекеттік мемориалды музейінің директоры  Сәуле Нұрқасынқызы қонақта болып,  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясына қатысты сұхбат бермек.

Таңғы бағдарламаның «Атаулы күн» айдары архитектор Аманжол Шәймерденұлының 70 жылдығы,  «Керек кәсіп» айдары телеоператорлық өнер, «Таңғы кеңес» айдары балаға үй, ойыншық жинауды үйрету жолдары туралы ақпарат бермек.

Ал, «Жаңа есім» айдарынан «J&S» тобы туралы мағлұмат ала аласыздар.

Еске сала кетейік, «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 07:00-10:00-де эфирге шығады.                

Хабарламаларға жазылу