«Таңшолпан». Ертең Алматыда Алтынбек Қоразбаевтың кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Ертең Алматыда Алтынбек Қоразбаевтың кеші өтеді

02.02.2018

Бүгін әнші, композитор, ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев 70 жасқа толды. Туған күн иесі Алматы студиясының төрінде қонақ болды.

Ертең Алматыда әншінің мерейтойына орай «Алтын күзім, армысың!» атты кеші өтеді.

Кешке Қазақстанның өнер жұлдыздары, әншінің шәкірттері қатысады.

«6 әншімен дуэт орындаймын. Ол Халық әртісі Мақпал Жүнісова, Мөлдір Әуелбекова және тағы басқалары. Концертте «МузАРТ» тобы, Тоқтар мен Бейбіт, Жазира мен Жанболат, Жұбаныш Жексен, «Меломен» тобы және басқа да әншілер өнер көрсетеді.

Бұл концерттің форматы өзгеше. Мысалы, 60 жылдығымда ұлттық оркестрмен қосылып, өз әндерімді орындадым. Ал, ертеңгі шара Алматы қалалық эстрадалық-симфониялық оркестрімен өтеді.

Көп туындыларым көпшіліктің құлағында болғаннан кейін барлық әнім бірдей орындалмайды. Метраж деген түсінік бар. Концерттің 3-4 сағат болғаны дұрыс емес, 2 сағаттан аспауы керек. Өйткені, көрермен жалықпауы керек», - дейді өнер иесі.

Хабарламаларға жазылу