Мақпал Жүнісова: Бізде халық көңіліңе қарамай балағаттай салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақпал Жүнісова: Бізде халық көңіліңе қарамай балағаттай салады

07.06.2018

ҚР Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова «Таңшолпан» студиясында қонақта болып, жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Қызым биыл 9-сыныпты бітіріп жатыр. Өзі тілге жақын. Ағылшын тілін жақсы меңгеріп, жарыстарға қатысты. Енді, корей, жапон тілдерін үйреніп жатыр. 

Әлеуметтік желіде өз парақшамды өзім жүргіземін. Өнер адамдарының көбісін өшіріп тастағанмын. Себебі, олар туралы жаман дүние, балағат сөздерді оқығым келмейді. Бізде халық көңіліңе қарамай балағаттай салады. Сондықтан ұрыс-керісті оқып, күйіп-піскім келмейді.

Үйде қызметкер ұстамаймын. Өзім қимылдап, өзім жұмыс істегенді ұнатамын. Оның үстіне қызым өсті, қол ұзарды.

Астанаға Алтынбек Қоразбаевтың мерейтойына орай ұйымдастырған концерттік кешке келдім», - дейді өнер иесі.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу