«Таңшолпан». Инфляция кезінде ақшаны құнсызданудан қалай сақтап қалуға болады?

24.01.2018

Қазақстан Респубикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында көрсетілген 10 негізгі міндеттің 6-шы тармағы қаржы секторын қайта жаңғыртуға арналады. Ал, оның негізгі қағидалары:

Банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту.

Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс;

Акционерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуы тиіс;

Ұлттық Банк мұндай істерге немқұрайлы қарамауы керек;

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды тездету қажет;

Ұлттық Банк пен Үкімет экономика салаларындағы нақты тиімділікті есепке алатын ставкалармен бизнеске ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп шешуге тиіс.  Инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруы және қор нарығының дамуы маңызды болып саналады.

Бұл міндетте көрсетілген басты бағдарлардың бірі. Алдағы уақытта тапсырма өз деңгейінде жүзеге асады.

Қаржы секторы - ел экономикасы мен халықтың тынысын көрсететін маңызды фактор. «Қаржы кеңесі» айдарында инфляция кезінде ақшаны құнсызданудан сақтап қалудың жолдары туралы айтылады. Оның жолдары қандай? Ақшаны қай жерде сақтап ұстаған дұрыс? Инфляцияға қандай факторлар әсер етеді?

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасында.

Хабарламаларға жазылу