Әскери қызметшілер болашақ журналистерді соғыс жағдайында жұмыс істеуге үйретуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери қызметшілер болашақ журналистерді соғыс жағдайында жұмыс істеуге үйретуде

29.01.2016
Әскери қызметшілер болашақ журналистерді соғыс жағдайында жұмыс істеуге үйретуде

Ең қызығы семинарға қатысуға алғаш рет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алып жүрген болашақ журналистер мен саясаттанушылар шақырылды.  Үш күн ішінде ҚР Қарулы Күштерінің тәжірибелі әскери нұсқаушылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, алдыңғы «Әскери дискурс» семинарларының қатысушылары бозбалалар мен бойжеткендерге қарулы қақтығыс аймағында журналистің жұмыс істеу негіздерін үйрететін болады.

Олар әскери іс-қимыл жүріп жатқан аймақтарда жұмыс істей отырып, өмірді қалай сақтап қалуға болатынын және сапалы журналистік материал жасау, жеке деректерді қалай қорғау және экстремалды жағдайларда журналиске не істеу керек? деген мәселелер бойынша тәжірибе жинақтайды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу