Салтанат Байқошқарова: Жастардың телефонға телміру әдеті ұрпақ сүю мүмкіндігін тежейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салтанат Байқошқарова: Жастардың телефонға телміру әдеті ұрпақ сүю мүмкіндігін тежейді

23.01.2018

«Бақытты әйел» бағдарламасының «Айсұлудың айнасы» бөлімінде қонақта – биология ғылымдарының докторы, репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарова.

-Ана атану үшін белгілі бір ұстаным, қағида болуы керек пе?

- Қазіргі кезде көп қыздар мансап деп жүріп, уақытын жоғалтып алады. Бірақ, әр арудың іштегі арманы – ана болу. Жақсы жігіт табамын деп жүріп, уақыт өткізіп алатындар бар. 25 жасқа жетпей тұрмыс құрып, 30 жасқа дейін 1-2 баланың анасы атанып отырғанға не жетсін?! Өкінішке қарай, қазір 30-дан асып отбасы құрып жатқандар көп. Ол уақытта организмдегі өзгерістерге байланысты түрлі ауруларға шалдығып жатады. Қазіргі кезде «әлеуметтік бедеулік» деген түсінік бар. Табиғи бедеуліктің түрлері аз, көбінесе суық тигізуден және түрлі инфекциядан болады. Әлеуметтік бедеулік – ана атану, әке болу уақытын кейінге шегеріп, табиғи мүмкіндіктерді жіберіп алу. Қазір мәселенің көпшілігі адамның өмір сүру дағдысынан да шығып отыр. Оның ішінде, жастардың телефонға телміру әдеті.

Бағдарламаның бүгінгі кейіпкері - 38 жастағы Шынар Шаймерденова. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының тұрғыны. Мектепте ұстаздық етіп жүр. Тұрмысқа 35 жасында шыққан, бірақ, бүгінге дейін құрсақ көтере алмай жүр. Кеш отбасын құруының себебін мансап қуумен байланыстырады. Арманы – ана бақытын сезіну. Алайда, өзінен айтарлықтай кінәрат жоқ екенін айтады. Жолдасы да өзінен кінә жоқ екенін айтып, медициналық қаралудан өтпеген.

 «Жасы ұлғайған әйелдерде бала көтеру мүмкіндігі өте аз. Десе де, нақты себепті медициналық тексерістен кейін ғана айта аламыз», - дейді кейіпкердің жағдайымен танысқан маман.

Хабардың толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу