Жастар тұтынатын энергетикалық сусындар алкогольсіз екені рас па? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар тұтынатын энергетикалық сусындар алкогольсіз екені рас па?

20.09.2020

Жастардың «қуаты күшті» алкогольді сусындарға аса құмартпайтыны айтылып жүр. Жастар дегенде өткен ғасырдың соңғы жиырма жылында және 2000-шы жылдан кейін туған миллениалдар мен зумерлер дейтін ұрпақ. Мұны мамандар растайды. Бірақ олар коктейль, түрлі энергетикалық сусындарды сіміреді. Және шын мәнінде араққа құмарлық жойылып кете қойған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне сәйкес, адамзат ішетіндер мен ішпейтіндер болып тура дерлік екіге бөлінеді. Дегенмен, 2000-шы жылдан 2016 жылға дейін әлемдегі спиртті ішімдік пайдалану жан басына шаққанда 5,7 литрден 6,4 литрге көбейген. 

Пандемия басталып, карантин енгізілгеннен бері той-томалақ азайды, мейрамхана, дәмханалар толық күшінде енді істеп бастады. Әрине, бұл жағынан сауда азайды. Алайда әсіресе көктемде «үйде отырып ішу» әдеті шыққаны, біздің елде де солай болғаны жайлы арнайы материал дайындадық. Кейбір елдерде мысалы, ОАР-да карантин кезінде тіпті «құрғақ заң» енгізілген. Тақырыптың бірнеше қырына Ақерке Бектас сараптама жасайды.  

Хабарламаларға жазылу