Жас қаламгерлерге қолдау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас қаламгерлерге қолдау қажет

19.03.2024

Қазіргі әдебиетті дамытып, оған жастардың қызығушылығын арттыру үшін жас қаламгерлерге қолдауды күшейту қажет. «Ал негізгі құндылықтарымызды әдебиет арқылы насихаттау үшін үлкен шығармалар жазылуы тиіс», - дейді ақын, жазушы Төлеген Жаңабайұлы.

«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында президент «Негізгі құндылықтарымызды бұқаралық ақпарат құралдары мен креативті индустрия, әсіресе, кино, музыка және әдебиет арқылы дәріптеу аса маңызды», - деді. Бұл бағыттағы жұмыстарды іске асыру үшін кешенді жоспар жасалмақ.

Төлеген Жаңабайұлы, жазушы, Қазақстанның құрметті журналисі:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың аузынан шыққан керемет әдебиет жайлы пікірлер бар. Сол пікірлер өте орынды. Үлкен шығармалар керек. Қан мен Тер сияқты. Шыңғыс Айтматовтың, Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындай керемет шығармалар керек. Кітап оқудан гөрі телефонға телміру көбейіп кетті. Осыны тыятын бір жол табу керек.

Нұрсұлтан Нұрсейт

Хабарламаларға жазылу