Тұрақты даму саласы (MDP) бойынша білім алып жатқан бір топ магистрлер және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер орталығының студенттері Қазақстан Президентінің тарихи сөз сөйлеуіне куәгер болу үшін Нью-Йоркке шақырылды.
2018 жылдың 18 қаңтарында Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау туралы баяндамасын оқиды.
Бұл баяндама Қазақстан Республикасы үшін тағы бір тарихи оқиға болып табылатын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуіне теңестірілуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен қатысушы студенттер Нью-Йоркке оқу үдерісі бойынша, яғни, Колумбия университетімен (SIPA) алмасу бағдарламасы келісімшарты аясында келді. Он күндік сапар барысында олар бірнеше пәндер бойынша жетекші тәжірибелі мамандар мен ғалымдардан дәріс алады.
Дереккөз: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік баспасөз орталығы