Бауыржан Өскенбеков: Өмірде бір туатын жауһар ән әкелсем, жас әншіге берер едім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Өскенбеков: Өмірде бір туатын жауһар ән әкелсем, жас әншіге берер едім

22.12.2017

«Сазгер» хабарының бүгінгі қонағы - үнемі жайдары жүретін ақкөңіл жан, әсем әндердің авторы, композитор Бауыржан Өскенбеков.

Хабарда әуендері жас-кәріні таңдамайтын туындылардың авторы шығармашылығы жайлы айтты.

Әндеріңізді негізінен еліміздің танымал әншілері орындайды. Егер өмірге бір туатын жауһар ән әкелсеңіз, оны сахнаға енді ғана қадам басқан жас әншіге берер ме едіңіз?

«Әрине, берер едім. Таныла алмай жүрген, бірақ, дауысы, қабілеті бар әнші сол әнмен жарқырап халық алдына шықса, мен де керемет сезімге бөленер едім», - деді композитор.

Сондай-ақ, бағдарлама барысында танымал сазгер Мақсат Базарбай мен Санда орындаған «Өзіңді іздеймін» әнінің шығу тарихына да тоқтала кетті.

Өз кезегінде, әнші Тоқтар Серіков Мақсат Базарбай мен Санданың дуэтіне ерекше тоқталып, өзінің ризашылығын білдірді:

- Бұл ән - халыққа кеңінен танылған әндердің бірі. Риза болып отырғаным, Санда қарындасымның дауысы өзгеше болғанымен, осы ән Мақсат екеуін біріктіріп тұр. Бұл әнді жерге тастамаңдар, ары қарай үлкен сахналарда орындасаңдар, жарасар еді.

Хабарламаларға жазылу