Ұлыбритания халқы Димашты ерекше қарсы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания халқы Димашты ерекше қарсы алды

19.11.2018

Лондонның Хитроу әуежайында қазақтың ұлын әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлері күтіп алды. Бұл сәтті олар  әлеуметтік желілерде жарыса таратып жатыр. Талғамы биік британия жұрты Димаштың өнеріне бас иіп, әуендетіп, әншіге ерекше ықылас танытты. Тіпті, шотландықтар өздерінің ұлттық аспаптарының үнімен күтіп тұрған. Жиналғандар Димашқа түрлі сыйлықтар мен гүл сыйлады. Жүздері қуанышқа толы жанкүйерлер әншімен суретке түсіп мәз.  Димаштың Лондондағы концерті бүгін біздің уақытпен түнгі сағат 2:00-де басталады.

Ал, бұл концерттен түскен қаражатты Димаш «Junior Eurovision-2018» байқауында бақ сынайтын тағы бір отандасымыз Данэлия Төлешоваға береді.  Ақша жас әншінің өнер додасына қатысу кезінде кеткен шығындарына жұмсалады.

«Junior Eurovision-2018»  сайысының ашылуы ертең болады. Ал ән байқауы 25 қарашада өтеді. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу