«Түнгі студияда» - Шахаризат Сейдахмет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Шахаризат Сейдахмет

22.10.2014
«Түнгі студияда» - Шахаризат Сейдахмет

Жақында Ұлттық арна эфирінде – «Қазақстан дауысы» жобасының екінші маусымы басталады. Жобаның алғашқы маусымының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет баспасөз беттеріне берген сұхбаттарының бірінде:

«Мен «Қазақстан дауысы» жобасына дейін ешқашан жанды аспаптардың сүйемелдеуімен ән шырқамаған едім. Мұнда сахнада өзіңді қалай ұстауың керек, сұхбатты қалай беру керек деген сияқты дүниелерді үйрендік.  Тұлға ретінде осы жобаның арқасында өстік»,-дейді.

Жобадан үйренгенім көп, деп санайтын әнші әзілге қалай? Нұрлан Қоянбаевтың оқыстан қойылған сауалдарына Шахаризат қалай жауап берер екен? Бүгін 23.30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

«Түнгі студияда» Шахаризат Сейдахметпен қатар, «Қазақстан дауысы» жобасының тағы бір қатысушысы Айнара Айтқалиева да қонақта болады.

Хабарламаларға жазылу