Өзінің қоңыр дауысымен Ян Лира «Көктем гүлін» шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзінің қоңыр дауысымен Ян Лира «Көктем гүлін» шырқады

17.12.2017

Кезегі келген келесі үміткердің әндері бірде билеуге, бірде ойлауға шақырады. Мінезі бірде аппақ көңіл баладай, бірде көпті көрген данадай Ян Лира бұл жолы да басқа қырынан танылды деуге болады. Ол «Көктем гүлі» әнін орындады.

«Silk Way Star» жобасына шексіз алғыс білдірген башқұрт әншісі «жобада өткізген 3 айы - көптеген жылдарды артқа тастап сағынышпен еске алатын уақыт. Жоба барысында танысқан жандарды сағынамын. Мен де өз қолтаңбамды қалдырғаным үшін, мені де есінде сақтайтындары үшін қуаныштымын», деді.

 

Қазылар алқасының мүшесі Фирдинант Салахов (Татарстан):

 

- Өмір бойы бір деңгейде айтатын әншілер бар. Ешқашан өспейді. Осы байқаудағы алғашқы орындауларыңды еске түсірші. Қандай болып еді? Ал, бүгін қалай орындап шықтың? Сенің өсетін мүмкіндігің бар. Сен әлі де өсесің. Біз бұл жерде сені аштық. Бір күні тіпті, қазылар алқасы үшін жаңалық болғансың. Сенің мүмкіндігің бар. Тамаша тембр, әдемі қоңыр үн, барлығы сенде бар. Басында сәтсіз репертуар таңдадың. Ал, қазір бәрі басқаша. Бүгінгі орындауың жаныма майдай жағып отыр. Тамаша орындау.

Хабарламаларға жазылу