«Таңшолпан». Алмахан Мұхаметқалиқызы: Біздің кемшілігіміз – Абайды ғалымдар үшін зерттейміз

07.12.2017

Ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Алмахан Мұхаметқалиқызы студия қонағы болды. Абайтанушы Абай өлеңдерінің дұрыс айтылуы, түпнұсқасына қатысты сөз қозғады.

«Саналы ғұмырымды қазақтың бас ақыны «Абай» мұражайынан бастағаннан кейін, ол жерден үйренгенім көп. Сондай жерден сабақ алып, өсіп, үлкен ордаға келгеніме қуаныштымын. Мектепте, көптеген әңгімелер мен сөз тіркестерінде Абайды айтқанымен, біз оны танымаймыз. Біздің кемшілігіміз – Абайды ғалымдар үшін зерттейміз. Ал, қарапайым халық үшін Абайдың бетін аша алмай жатырмыз. 2012 жылы Абайтану пәні енгізілгенімен осы уақытқа дейін оның оқулығы дұрыс қалыптасқан жоқ.  

Жалпы мектептерде Абайтану тек факультатив ретінде беріліп отыр. Өйткені әдістемелік материалдар жоқ. Екінің бірі Абайды терең меңгерді деп айту оңай емес. Мектеп мұғалімдерінің бағдарламалары болмағандықтан Абайды қай қырынан танытатынын білмей отыр. Сондықтан бізге қазір ең қажеті - балалардан бастауымыз керек», - дейді ақын.

Хабарламаларға жазылу