Елбасының «Абай аманаты» атты мақаласы жарық көрді

07.10.2020

Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы жарық көрді. Онда Тұңғыш Президент Абайды алғаш таныған сәтінен бастап, ақынның өсиеттері өміріне қалай әсер еткеніне дейін жазған. Әрі ұлы ойшылдың ғибраттары ел басқарудағы іс-әрекетіне ықпалы жайында жан-жақты баяндайды. Мәселен, Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы шешімі ақынның «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп..» қағидасымен іштей үндесіп жатыр. 

Алмахан Мұхаметқалиқызы, Абайтанушы:
Ішімде жүрген біраз мәселелерге жауап берді. Соның бірі Елбасының «Абайды бала кезімнен бойыма сіңіріп өстім, жасымнан сіңіріп өстім» деген жолдары бар екен. Соған қатты қуандым. Мақаладан Абайға қарай жүріп келе жатқан жолымның тағы бір қырын таныдым. 

Асима Нұрбайқызы

Назарбаев Елбасы Тұңғыш Президент

Хабарламаларға жазылу