Абай шығармалары үш тілде оқытылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай шығармалары үш тілде оқытылмақ

12.04.2014
Абай шығармалары үш тілде оқытылмақ
Абай түбі терең мұхит қой, мен одан қасықтап қана алдым, деген екен Мұхтар Әуезов. Абайды тану-жалпы қазақ әдебиетін танумен бірдей. Ең бастысы, Абайды тану жұмысына тек әдебиетшілер мен ғалымдар ғана емес, қоғам белсенділері де ат салыса бастады. Мәселен, «Нұр Отан» партиясының «Партияның 50 жаңа тұлғасы» атты жобасы аясында Абай шығармаларын үш тілде оқытудың жаңа бағдарламасы жасалды. Бұған ұйытқы болған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Гүлмира Нұрханова.
 
Абай мол мұра қалдырды. Ол зерттелді, сыналды. Абайды тану ғылымы қалыптасты. Ал, бүгін Қашыр ауданында «Абайды үш тілде оқимыз» атты жаңа жоба жұртшылықа таныстырылды.
 
Светлана Шнайдер, ағылшың тілі пәнінің мұғалімі:
Әлем таныған Абайды үш тілде менгере алсақ, әсіресе, қазір ең қажетті халықаралық қатынас тілі – ағылшын тілінде. Бұл жобаның болашақта жемісі болар, жалғасы бар үлкен жоба деп санаймын.
 
«Нұр Отан» партиясының қолдауымен жасалған жаңа жоба аясында оқушылардың үздік зерттеу жұмыстары кітап болып басылады. Интеллектуалдық олимпиадалар ұйымдастырылады.
 
Гүлмира Нұрқанова, Облыстық мәслихат депутаты:
Бүгінгі мақсатымыз жастарды Абайды жақсы танып білуге үйрету. Өйткені, Абай шығармашылығы барлық саланы қамтиды. Оның ішінде білім беру, ғылым, ілім барлығы бар.
 
Гүлмира Нұрқанованың мамандығы дәрігер. Қазір жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Елбасымыздың үш тұғырлы тіл бағдарламасы ауыл жастарын да жаппай қамтуы үшін «Бес асыл» қоғамдық қорымен жаңа жобаны дайындадық, дейді. Тіпті депутат қаланы тастап, сайлаушылары тұратын ауылдық аймаққа көшіп келді.  
 
Рысалды Матаева, Тереңкөл ауылының тұрғыны, зейнеткер:
Өзі ауылда өскен. Ауылды көтеремін деп жаңа жобаларды өз міндетіне алып, депутат ретінде көптеген істерге араласып, атсалысып отыр.
 
Дана Абай деп әлем мойындады. Ал, бүгінгі қадам жаңа заман жастарының көзқарасы арқылы Абайтану ғылымына аздап болса да үлес қосу.
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу