Бауыржан Бекахмет: Сырнаймен ән салу - мәдениетіміздің алтын жауһары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Бекахмет: Сырнаймен ән салу - мәдениетіміздің алтын жауһары

06.12.2017

Қазақ халқының музыка тарихында сырнаймен ән салу дәстүрінің орны зор. Ол мәдениетіміздің алтын жауһары ретінде 19-шы ғасырдың 60-шы жылдарында қалыптасты.

 

Дәстүрлі өнерді дәріптеген өнерпаздар 12 тілді сырнайдың сүйемелдеуімен жыр, терме орындаған. Олардың қатарында Шашубай Қошқарбайұлы, Майра Уәлиқызы, Тайжан Қалмағанбетов, Нартай Бекежанов сынды өнер майталмандарын айта аламыз.

Бүгін термеші, әнші Бауыржан Бекахмет Алматы студиясының қонағы болды. Өнер иесі шығармашылығы, сырнаймен ән салу дәстүрі туралы сөз қозғады.

«Жас кезімде кәсіпкерлік саласын, одан басқа да мамандық иелерін ойлаған күндерім болды. Бірақ, қолға әкемнен қалған өнер сырнайды алдым . Қазір ән де көп, әнші де көп. Халықтың құлағына жағатын, құнды дүние – терме өнерін ұнаттым. Терме – текті сөздің төресі. Қазір сырнаймен ән айтатын жастар көбейіп, қазақтың дәстүрлі өнері қалыптасып келе жатыр. Ізімізді басып келе жатқан шәкірттеріміз бар», - дейді термеші.

Хабарламаларға жазылу