Еламан Ерғалиев Нұрдәулет Жарылғаповты қапы қалдырды

02.07.2017

Еламан «Қазақстан барысына» алғаш рет 2016 жылы қатысқан. Биылғы турнирдің екінші ауыр палуаны (141,6 келі). 2011 жылғы «Жас Барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы. Бапкері - Дархан Алмаханов. Бұған дейінгі Мұхит Тұрсыновпен белдесуінде жартылай жеңіс және екі бүк ұпайымен басым түсті. 

Ал, Нұрдәулет Жарылғапов - аса ауыр салмақты палуандардың бірі (135 кг). Турнирге 2015 жылдан бері қатысып келеді. Лақап аты – «Қара бура». Бұған дейін Нұрдәулет Жарылғапов қызылордалық Мақсат Исағабыловтан басым түскен.

Белдесуде Еламан Ерғалиев жеңді. Келесі кезеңде ол Асыл Бәрменовпен жолығатын болды.

Айта кетейік, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу