«Таңшолпан». Мұхтар Әуезов театры Жапонияда «Ахико» спектаклін сахналайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Мұхтар Әуезов театры Жапонияда «Ахико» спектаклін сахналайды

28.11.2017

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы театрдың директоры Ерлан Біләл Алматы студиясының қонағы болды.

«17-19 желтоқсан аралығында біздің театр Жапонияның Токия қаласына сапарға шығады. Бұл «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге аспақ. Өте жауапты сапар болғалы тұр. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ахико» атты спектакль қойылады. Бұл қойылым туралы Елбасы Жапон еліне барғанда айтқан еді. Міне, енді осы шығарма желтоқсан айында Жапонияда сахналанбақ.

«Одан бөлек, «Ұлы дала елі» атты үлкен концерттік бағдарлама дайындап жатырмыз. Кейін театрымыздың музейі бар. 92 жылдық тарихымыздан сыр шертетін көрме көрсетеміз.

Сондай-ақ, «Мо» театрының ұжымымен кездесіп, жұмыс ауқымымен танысу жоспарланып отыр. Өзіміздің театрымыздың тыныс-тіршілігімен таныстырсақ, мәдениет, әдебиет саласындағы мамандармен кездессек дейміз», - дейді Ерлан Біләл.

Хабарламаларға жазылу