Дулыға Ақмолда: «Ақтастағы Ахико» - дүниежүзілік сыншылардың бағасын алған спектакль (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дулыға Ақмолда: «Ақтастағы Ахико» - дүниежүзілік сыншылардың бағасын алған спектакль (ВИДЕО)

05.12.2017

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актеры, киноактер Дулыға Ақмолда бүгін «Таңшолпанның» Алматыдағы студиясында қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы  «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»  Халықаралық жоба барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  Әуезов театры жуырда Жапонияға гастрольдік сапарға аттанбақ. Бұл іс-сапар барысында театр ұжымы М.Омарованың «Ақтастағы Ахико» (реж.А.Маемиров) драмасы мен «Ұлы Дала елі» атты концерттік бағдарламаны жапондықтардың назарына ұсынады.

Ахико Тецуроның тағдыры баяндалған қойылымда басты рөлді сомдаған актер:

«Бұл қойылымның тұсауы бір жыл бұрын кесілді. Премьераға Жапонияның Қазақстандағы елшісі және кейіпкер Ахико Тецуроның өзі де келген еді. Бұл бастама қазақ өнерін Жапонияда дәріптеу болып есептеледі. Осы қойылым арқылы талай жүлделі орындар алдық. Көптеген дүниежүзілік сыншылардың бағасын алған спектакль бұл»,-дейді.

Сондай-ақ, актер сұхбат барысында өзі түскен «Оралман» фильмі турасында да әңгіме өрбітті.

Хабарламаларға жазылу