Биыл «Таңшолпан» бағдарламасына 25 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл «Таңшолпан» бағдарламасына 25 жыл (ВИДЕО)

28.09.2017

Биыл «Таңшолпан» бағдарламасы 25-ке  толып жатыр. 1992 жылы 14 желтоқсанда тұңғыш рет «Қазақстан» арнасының эфирінен «Таңшолпан» бағдарламасы қалың көрерменге жол тартты. Сол сәттен бастап «Таңшолпан» халықтың сүйікті бағдарламасына арналды.

Бағдарламаның алғашқы жетекшісі Иманбай Жұбаев алғашқы хабарды Лаура Юсупжановамен бірге жүргізді. Эфир тізгінін Хадиша Жамекова, Гүлмира Дайрабаева, Ләззат Танысбай сынды жүргізушілер қолға алды.

«Таңшолпанда» қызмет еткен кез келген қызметкер үшін бағдарлама үлкен мектеп болды. Бүгінде сол қызметкердің әрбірі мықты маман, абыройлы азамат, беделді журналист атанды.

Иманбай Жұбаев:

«Мен бастапқыда 9 жыл радиода қызмет жасадым. Телеарнаға келемін деген ойда болған жоқ. Біздің ұжымға 92 жылдың басында таңғы-ақпараттық бағдарлама ашып, оны жүргізу тапсырылды.

«Таңшолпанның» мақсаты - ақпарат беру еді. Бағдарламаның айдарлары көп болды. Мысалы, «Даналық әріптесі» айдары.

Бағдарламаға жүргізушілерді кастинг арқылы алатынбыз. Шамамыз келгенше журналистер қатарынан алғымыз келді»,-дейді.

Хабарламаларға жазылу