Әбдіжаппар Әлқожа: Әндерімнің ерекше болуына себепші – қыздар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбдіжаппар Әлқожа: Әндерімнің ерекше болуына себепші – қыздар (ВИДЕО)

27.06.2017

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Әншінің жаңалығы - концерт, ән, бейнебаян. Жақында «Қоңырауды неге алмайсың?» әнім және бейнебаяным шықты. Сөзін өзім жаздым.

Әндерімнің ерекше болуына себепші – қыздар. Қазақтың қыздарын қызғанамын. Намысқой жігіттердің бірімін. Аруларымыздың көбі шетелдік әндерді, әншілерді тыңдайды. Бір отырыста қыздардан «неге қазақтың әнін тыңдамайсыңдар?» дегенімде «сендердің әндеріңе тойда билеп жүрміз»,- деді. Одан бөлек, шетелдік актерлердің шаш, киім үлгілеріне қызығады екен.  Қазақ жігіттерінің қай жері кем?! Сол кезде «бізде де заманға лайықты жігіттер бар» деп арнайы «Ұрланған ән» туындысын жаздым», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу