«Қазақ футболындағы ахуал анау айтқандай жаман емес, соңғы уақытта Еуропа ареналарында өнер көрсетіп жүрміз», деп араша түсетін мамандар табылар. Бірақ, біздегі аяқдопта жеткен жетістіктен кеткен кемшіліктің көп екенін аңғару үшін көп ақылдың қажеті жоқ. Жауырды жаба тоқығанмен жараның жазылмайтыны белгілі, сол жараның бетін 2015 жылы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тырнады.