«Атырау» клубы «Оқжетпес» командасынан басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атырау» клубы «Оқжетпес» командасынан басым түсті

28.07.2017

«Атырау» футбол клубы жеңіссіз өткізген 4 ойыннан кейін Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті. Бұл - кейінге шегерілген чемпионаттың 8-ші турының ойыны болатын. Есепті матчтың 12-ші минутында атыраулық Марат Хайруллин ашты. Оның алыстан тепкен добы қақпаның тоғыздығына дәл түсті. Осылай бірінші тайм 1:0 есебімен атыраулықтардың пайдасына шешілді. Екінші таймда атыраулық футболшылар шабуылдарын үдете түсті. Ойынның 77-ші минутында Марат Хайруллиннен оңтайлы пас алған Елдар Әбдірахманов есепті 2:0 ге жеткізді.

Алайда, көкшеліктер 3 минут өте сала, алаңға тыңнан қосылған Әлібек Бөлешовтың баспен ұрған соққысынан соң қарымта бір гол соқты. «Атырау» әзірге турнир кестесінде 9-шы орында келеді.  

Хабарламаларға жазылу