«Таңшолпан». Профессор Алтайы Иранбекқызы: Қазір аудиторияға тек лекциямен бара алмайсың - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Профессор Алтайы Иранбекқызы: Қазір аудиторияға тек лекциямен бара алмайсың

17.11.2017

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Алтайы Иранбекқызы Оразбаева студия қонағы болды.

Тарихшы Мәскеуде жарық көрген «Қазақ мемлекеттілігінің формуласы» атты монографиясымен таныстырды. «Еңбекті жазып шығуға «Қазақстан - 2050» стратегиясы түрткі болды», дейді автор.

«Біз әрдайым ізденісте жүреміз. Тарихшы болған соң, қоғамдағы рухани жаңғыруға орай, талқыланып жатқан бағдарламаларға байланысты өзімнің піркірімді білдіргім келді.

Мәскеу мемлекеттік университетінің біздегі филиалында сабақ беремін. Университет қазақ тіліне, өнеріне, тарихына көп көңіл бөледі. Көбіне студенттер қазақстандық балалар. Олар шетелдерге барып, тәжірибеден өтеді. Бірақ, қайта өзіміздің елге оралады. Бүгіні балалар әлемнің жаңалықтарымен гаджет арқылы танысып отырады. Материалды жетік меңгереді. Сол себептен аудиторияға тек лекциямен бара алмайсың. Инновациялық, виртуалды қабілеттерін ескере отырып, тарихымызды жаңа тұрғыда, әлемдік мән-мәтінде беруге тырысамыз», - дейді профессор.

Хабарламаларға жазылу