18 қараша күні Қарағандыда «Арқаның Аққызы» атты күй кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 қараша күні Қарағандыда «Арқаның Аққызы» атты күй кеші өтеді

16.11.2017

18 қараша күні Қарағандыда күйші, Халық композиторы Мүгүлсім (Аққыз) Ахметқызының туғанына 120 жыл толуына орай «Арқаның Аққызы» атты күй кеші өтеді.

Күйші,  ҚР Еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек, күйші Аққыздың жиен немересі Болат Тәкішев студияда қонақта болып, әйгілі күйшінің өмірі, өнері туралы сөз қозғады.

«Батыста Дина апамыз, Арқада Аққыз апамыз - мақтанышымыз. Екі апамыздың күйге ден қоюы ортаның мықты болуы. Қазақ өнерінің ең күрделі толғауы, сыры – күй. Бұл өнер кез келген адамның қолынан келмейді. Әсіресе, қыз баласына ер-азаматпен иық теңістіру оңай емес.

Аққыз апамыз тек күй емес, ән де жазған. Шәкірттері ұлы тұлғалар Мағауия Хамзин, Таласбек Әсемқұлов. Жақында күйлері таспада шығады», - дейді өнер иелері.

Сондай-ақ, қонақтар Аққыз есімінің таралуына қатысты ойларын жеткізді.

«Азан шақырып қойған есімі - Мүгүлсім. Ата-анасы атақты, беделді кісілер болған. Сал-серілерге ерекше құрмет көрсеткен. Аққыз өнерге жақын болып, күйге көп көңіл бөлген. Осылайша, бірге ән айтып жүрген құрбылары Аққыз деп атап кеткен».

Хабарламаларға жазылу