Марат Ілиясов: «Алтынай» - 7-cыныпта оқып жүргенде шығарған алғашқы лирикалық әнім (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Ілиясов: «Алтынай» - 7-cыныпта оқып жүргенде шығарған алғашқы лирикалық әнім (ВИДЕО)

10.11.2017

Бағдарлама барысында «Әннің ел жадында мәңгі қалуы оның сөзіне не әніне байланысты ма?» деген сауалға Марат Ілиясов:

«Ол әніне де, сөзіне де, айтатын орындаушысына да байланысты.  Үшеуі келіскен жағдайда, онда ақынның да, композитордың да, әншінің де бағының жанғаны», - деген пікір білдірді.

Сазгердің бүгінгі кешінде «Мерекем сен» әні мен «Алтынай» туындысы жаңаша нұсқада шырқалды.

Бағдарламада Арай Айдарханның орындауы композиторға ұнап, әнін сыйға берді.

«Алтынай» әнін 7-сыныпта оқып жүргенімде жаздым. Арада көп жыл өткен соң бұл әнді Сембек Жұмағалиев орындады. Бірнеше жыл бойы осы туындымды қай әншіге берерімді білмей жүргенмін. Өйткені, Сембек өте мықты әнші ғой, ол сияқты ешкім айта алмайды. Енді бұл әнді Сембектен кейін сен айтасың», - деп Арай Айдарханға ұсынды.

Сонымен қатар, студия қонағы болған Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Балнұр Қыдырбек сазгердің шығармашылығына өзіндік бағасын берді.

Хабарламаларға жазылу