«Таңшолпан». Құрмаш Махан: Әншілер жұлдыз болуға емес, әнші болуға тырысса екен (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Құрмаш Махан: Әншілер жұлдыз болуға емес, әнші болуға тырысса екен (ВИДЕО)

02.10.2017

Әнші Құрмаш Махан бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«2-3 жылдан бері әншілерге ән жазып жүрмін. Демек, көбінесе сазгерлік жұмыс атқарудамын. Бір аптаның шамасы өтті өзіме арнап ән жаздым. Оның өлеңі де дайын. Қазір ән өңделу үстінде. 1-2 аптада сол жаңа әнім жарыққа шығады.

Өнер жолының басынан әндерім лирикалық болғандықтан, менің орындауымдағы ырғақты әнді көрермен қабылдай қоймас. Қандай ән боса да, ішіне ой қосуға тырысамын.

Қазір жақсы әншілер көп. Мысалы, үнемі ізденістегі Айқын Төлепберген, Нұржан Керменбаев, Мөлдір Әуелбекова ұнайды. Қазақи нақыш, қазақи әдебиет, қазақтың әні айтылса жақсы болар еді. Әншілер жұлдыз болуға емес, әнші болуға тырысса екен», - дейді өнер иесі.

Хабарламаларға жазылу