Әнші-композитор Марат Омаров «Алғашқы махаббат» әнін мектебіндегі мұғаліміне арнаған (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші-композитор Марат Омаров «Алғашқы махаббат» әнін мектебіндегі мұғаліміне арнаған (ВИДЕО)

08.09.2017

Бүгін Ұлттық арнада «Сазгер» бағдарламасы тұсауын кесті. Аталмыш бағдарламаның алғашқы қонағы – ҚР-ның Еңбек сіңірген әртісі, бүкіл әлем композиторлар одағының мүшесі, «Достық» орденінің иегері, Созақ ауданының құрметті азаматы Марат Омаров.

Композитордың ең алғаш шығарған әні А.Пушкиннің өлеңіне жазылған. Ол оны 8 сыныпта оқып жүргенде байқауға қатысып, көпшілікке тарту еткен.

Сонымен қатар, бағдарлама барысында ол бала кезінде үнді фильмін 2 рет көріп бастан-аяқ жаттап алатынын және оны тура дәлме-дәл орындап шығатынын жеткізді.

Марат Омаров «Алғашқы махаббат» әнін арнайы тапсырыспен жазса да оны өзінің мектебіндегі мұғаліміне арнаған екен. Ол сыныптастарымен жақсы көрген мұғалімі орыс тілінен сабақ берген.

 

Хабарламаларға жазылу