Бүгін – композитор Бейбіт Оралұлының туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – композитор Бейбіт Оралұлының туған күні

02.06.2015
Бүгін – композитор Бейбіт Оралұлының туған күні

«17-18 маусым күндері  мерейтойлық шығармашылық кешім өтеді. Сондай-ақ, Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 90 жылдығымен қатар, халықаралық конкурс ұйымдастырылмақ. Мұндай байқау Ақтөбеде бұрын да болған. Бірақ, бұл жолғы жоба  – халықаралық деңгейде.

Бүгінде Болгария, Португалия, Әзірбайжан, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден өтініштер түсуде.  Қазір сол сайысқа дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-дейді Бейбіт Оралұлы.

«Менің алғашқы әнім – «Нұр бейнең». Бұл – менің тағдырыма  байланысты шын жүректен шыққан ән.  Өнер майталмандары сол әнді ерекше бағалайды. Көбіне лирикалық, патриоттық болсын ойлы, терең, әндерді көп жазамын. Конкурстарға әндер жазамын»,-дейді сазгер.

«Әнді шығаруға асықпаймын. Оны әбден жетілдіріп бірақ, тыңдарманға ұсынамын. Содан болар, жеңіл ән жазған емеспін».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу